Алматыда гандболдан клубтар арасындағы Азия біріншілігі аяқталды

Алматыда гандболдан клубтар арасындағы Азия біріншілігі аяқталды
Сурет: 24.kz

Оңтүстік Корея мен Кувейт, Үндістан мен Өзбекстан және еліміздің екі командасы бір апта бойы Достық спорт кешенінде сынға түсіп, жеңімпаздар анықталды.

Бас жүлде Сеулден келген Шюгар гиль-дерс, командасына бұйырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

24.kz-тің хабарлауынша, кореялықтар барлық ойында ұпайдан, шашау шығарған жоқ. Ел намысын қорғаған Қызылорданың «Қайсары» күміс жүлде еншіледі. Қола медаль Үндістаннан келген «Т-Спорт» командасының қанжығасында кетті. Енді қол добы шеберлері, біраз тынығып алған соң ұлттық құрама сапында Азия ойындары мен Олимпиадалық іріктеу жарыстарына дайындықты бастайды.

Ал Алматыда аяқталған Азия біріншілігінде «Қайсар» командасының шабуылшысы Вероника Хар-дина үздік ойыншы атанды.

«Дәл қазір Мұндай жарыстар бізге ауадай қажет. Өйткені байрақты бәсекелердің қарсаңында тәжірибе алмасып, шеберлікті шыңдап аламыз. Мысалы осы жарысқа қатысқан командалардың осалы жоқ. Бұрын іріктеуден аса алмай жүретін үндістандықтар биыл қолаға қол жеткізді. Өкінішке орай бас жүлдені кореялықтарға беріп қойдық. Енді ұлттық құрама сапында есе қайтаруға тырысамыз», - Азия біріншілігінің үздік ойыншысы Вероника Хардина.