Алматыда екі балабақша ашылады

Алматыда екі балабақша ашылады
Cурет: Almaty-akshamy.kz

Балалардың физикалық дамуы үшін жеке денешынықтыру залы, сондай-ақ ойын алаңдары қарастырылған

Алматы қаласының Медеу ауданында күрделі жөндеуден кейін №114 және 116 балабақшалар ашылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

 Мектепке дейінгі мекемелердегі орындарды төмендету мақсатында реконструкциялау  жұмыстары жүргізілді. Жобаға 3-ші қабаттың құрылысы енгізілді.
Нәтижесінде балабақшалардың сыйымдылығы 145-тен 190 балаға дейін өсті, оқыту топтары 8-ге дейін артты. Мектепке дейінгі мекемелер материалдық-техникалық базамен толық қамтамасыз етілген, бүлдіршіндердің балабақшаларда жан- жақты дамуы үшін барлық жағдай жасалған. 

Балалардың физикалық дамуы үшін жеке денешынықтыру залы, сондай-ақ ойын алаңдары қарастырылған. Медициналық блок толық жабдықталған, олар – медициналық,ем қабылдау, психология, логопед-дефектолог кабинеттері және т. б.

Жайлы қалалық орта басқармасы балабақшаларды Білім басқармасына беру туралы қаулы дайындауда. Екі балабақша да балаларды маусым айынан  қабылдай бастайды.