Алматыда бірнеше көшеде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Алматыда бірнеше көшеде көлік қозғалысы уақытша шектеледі
Almaty-akshamy.kz

Алматыда жылу желілерін реконструкциялау кезінде - 16-17 тамызда бірнеше көшеде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

2023 жылғы 16 тамыз сағат 10.00-ден бастап Әуезов ауданында Сүлейменов көшесімен (автобус жолағы бойынша) Тоқтабаев көшесінен Пятницкий көшесіне дейін, сонымен қатар, Түрксіб ауданында 16 тамыз сағат 21.00-ден 17 тамыз сағат 06.00-ге дейін Сейфуллин көшесінен Монтина көшесіне дейін (шығыс бағытта) көлік қозғалысы шектеледі.

Аталған көшелер астындағы магистральдық құбыр учаскесінде жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі.

Мәжбүрлі қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және көрсетілген аумақты айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз. 

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС