Алматыда бір апта бұрын жоғалған екі оқушы табылды

Алматыда бір апта бұрын жоғалған екі оқушы табылды
Сурет: Inform.kz

Олар компьютерлік клубтарда ойын ойнаған. 

Алматы полициясы 7 ақпанда жоғалып кеткен екі оқушыны тауып, ата-анасына тапсыру үшін полиция бөлімшесіне жеткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Криминалдық полиция бөлімшесі із-түзсіз жоғалғандар тізімінде тұрған екі жасөспірімді тапты. Қазір олар полиция бөліміне жеткізіліп, ата-анасына тапсырылады. Олардың мекенжайы анықталды. Анықталғандай, оқушылар компьютерлік клубтарда ойын ойнаған», - дейді Бостандық аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Мақсат Қанапяев.