Алматыда бүгін ауа райы қандай болады?

Алматыда бүгін ауа райы қандай болады?
Сурет: Zastavki.com

Синоптиктер температураның біртіндеп төмендеп жатқанын айтты.

«Қазгидромет» РМК 29 қыркүйек, сәрсенбіге арналған Алматы қаласы мен Алматы облысының ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 2-7 м/с. Ауа температурасы күндіз + 22 + 24°C, түнде + 11 + 13 °C болады», - делінген хабарламада.

Талдықорғанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с. Күндіз термометр + 22 + 24 градусқа, түнде 5-7 градусқа дейін жетеді.

Алматы облысында күндіз + 21 + 26°C, таулы аудандарда + 16°C. Таулы аудандарда аздап жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы + 10 + 15°C, солтүстікте және облыстың таулы аудандарында 0 + 5°C. Жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с.