Алматыда БАҚ өкілдері мен медиа-тұлғалар арасында футболдан турнир өтті

Алматыда БАҚ өкілдері мен медиа-тұлғалар арасында футболдан турнир өтті

Алматыда қала күніне орай БАҚ өкілдері мен блогерлер арасында футболдан турнир өтті. Іс-шараны Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырды, бұл турнир жыл сайын қыркүйек айының басында өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Турнирдің ашылуы салтанатты жағдайда өтті. ӨКҚ басшысы Балсұлу Алекенова құттықтау сөз сөйледі. Ол командаларға сәттілік тілеп, алдағы қала күнімен құттықтады.  

Турнирге қалалық және республикалық БАҚ-тың 10-ға жуық редакциясынан журналистерден, редакторлардан және операторлардан, сондай-ақ блогерлерден құралған 7 команда қатысты:  

- Alash media group

- 31 арна

- Мониторинг және талдау орталығы

- "Алатау Ақпарат"

-"Баскетбол"медиа-командасы

- “Nur.kz”

- Қазақстан Телеарнасы.

"Мониторинг және талдау орталығы" командасының атынан турнирге қатысушы жалғыз қыз ойыннан алған әсерлерімен бөлісті.

"Турнир ұйымдастырушыларына көп рахмет. Біз, мониторинг және талдау орталығы алғаш рет қатысып отырмыз. Бізге бәрі ұнады, бірақ біз жеңіске жете алмадық. Бірақ келесі жылы біз тырысып, нәтижесін көрсетеміз деп ойлаймын", - деді МТО қызметкері Әлия Смағұлова. 

"Ең техникалық команда" ретінде "Алатау ақпарат" танылды. "Жеңіске деген ерік-жігері үшін" номинациясында "МТО" командасы марапатталды . Сонымен қатар, "Үздік қақпашы", "Үздік шабуылшы" және "Үздік ойыншы"номинацияларының жеңімпаздары анықталды.

Ойын қорытындысы бойынша үшінші орынды 31 арна құрамасы , екінші орынды Nur.kz командасы иеленді. Турнирдің жеңімпазы 1 орын алған "Баскетбол" медиа-командасы болды. 

Төрешілер алқасы достық турнир ойыншыларының спорттық дайындығын жоғары бағалады. Барлық қатысушылар грамоталар, ақшалай сыйлықтар мен кубоктар алды.