Алматыда аймақтық симпозиум аясында Халықаралық Азаматтық авиация күні аталып өтті

Алматыда аймақтық симпозиум аясында Халықаралық Азаматтық авиация күні аталып өтті
Сурет: gov.kz

Trip ИКАО жолаушыларды сәйкестендіру бағдарламасы бойынша аймақтық симпозиум аясында Халықаралық Азаматтық авиация күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Әлемнің 30 елінен 280-ден астам қатысушының басын қосқан халықаралық деңгейдегі аталғаншара Қазақстанда алғаш рет өтуде, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

ИКАО авиациялық қауіпсіздік және формальдылықты оңайлату секторы директорының орынбасары Сильвэн Лефуайе Қазақстан формальдылықты оңайлату бағыты бойынша қолдау көрсеткен бірінші ел екенін атап өтті.

Салтанатты жиын барысында бір топ қызметкер Қазақстан Республикасының Көлік министрі Марат Қарабаевтың атынан Халықаралық Азаматтық авиация күніне орай Алғыс хаттармен марапатталды. Сондай-ақ бірқатар мемлекеттік орган, халықаралық ұйым, әуежай, шетелдік және отандық әуе компаниялары арнайы бекітілген номинациялар бойынша марапатталды. 

Айта кетерлігі, Азаматтық авиация қызметкерлерінің кәсіби мерекесі сала мамандарының құрметіне БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен 1994 жылғы 7 желтоқсаннан бастап Халықаралық Азаматтық авиация туралы Конвенцияға қол қойылғанына 50 жыл толуына орай 1994 жылғы 7 желтоқсаннан бастап мерекелене бастады. Осы Конвенцияға сәйкес БҰҰ-ның арнайы агенттігі  Халықаралық Азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) құрылған болатын. Қазақстан 1992 жылы Чикаго конвенциясын ратификациялай отырып, ИКАО-ның толық мүшесі атанды.