Алматыда автобус әкімшілік ғимаратқа соқтығысты

Алматыда автобус әкімшілік ғимаратқа соқтығысты
Сурет: видеодан алынды

Оқыс оқиға бүгін сағат 12:40 шамасында Алматыда болған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Polisia.kz мәліметінше, жол апаты салдарынан екі жолаушы зардап шеккен.

Алматы қалалық ПД 13 маусым сағат 12:40 шамасында Спасская көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан №13 автобус жүргізушісі рөлді басқара алмай, әкімшілік ғимараттың қоршауына соқтығысуға жол бергенін хабарлайды. Салдарынан қоғамдық көліктің екі жолаушысы жарақат алып, медициналық тексеруден өту үшін ауруханаға жеткізілді. ЖКО дерегі Түрксіб аудандық ПБ қызметкерлерінің өндірісінде, - делінген хабарламада.