Алматыда ат спорты бойынша жарыстар өткізіліп жатыр

Алматыда ат спорты бойынша жарыстар өткізіліп жатыр
Cурет: Almaty-akshamy.kz

Жарысқа 9 елдің құрама командалары қатысып жатыр

Еуразиялық лиганың кедергілерден өту бойынша Әлем Кубогының III кезеңі 2022 жылғы 25-29 мамыр аралығында «Сұңқар» шаңғы трамплиндері кешенінде өтуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Еуразиялық бәсеке лигасының І кезеңі Ташкент қаласында (Өзбекстан), II Бішкек қаласында (Қырғызстан) болып өтті. IV кезең Тбилиси қаласында (Грузия), Тегеран қаласында (Иран) өтеді. 

Жарысқа 9 елдің (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Грузия, Иран, Германия, Польша, Нидерланды) құрама командалары және басқа да жақын және алыс шет елдердің спортсшылары, сондай-ақ халықаралық төрешілер мен сарапшылар қатысуда. Төрешілер құрамы Малайзия, Польша, Иран, Өзбекстан, Литва, Түркия, Эстония, Қазақстан мамандарынан құралған.

Жеңімпаз Гран-при Кубогының иегерлері атанған командалар арасында 2022 жылдың қазан айында Барселонада өтетін Ұлттар Кубогының финалына қатысуға лицензия ойнатылады.

Осындай деңгейдегі іс-шаралар ат спортын ілгерілетуге және Алматы қаласы мен Қазақстан Республикасының тұрғындары арасында танымал етуге серпін береді.