Алматыда арнайы комиссия барлық әлеуметтік нысанды тексереді

Алматыда арнайы комиссия барлық әлеуметтік нысанды тексереді
Сурет: Қайрат Қоныспаев

Алматыдағы жер сілкінісінен кейін Құрылыс басқармасы түсініктеме берді.

Жер сілкінісінен кейін бірқатар білім нысанының қабырғасына сызат түскені байқалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Басқарманың мәлімдеуінше, негізінен бұл зақымдану әрлеу материалдарына қатысты, салмақ түсетін құрылымдарға әсер етпейді. 

ТЖД, Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты, Қала құрылысын бақылау басқармасы, аудандық сәулетшілер және басқа да уәкілетті органдар мамандарынан құралған арнайы комиссия барлық әлеуметтік нысанды тексереді. Соның нәтижесіне сәйкес, барлық тиісті шара қабылданады.

Естеріңізге сала кетейік, жедел штаб хабарлағандай қалада ғимараттар айтарлықтай зақымданбаған. Тіршілікпен қамтамасыз ету жүйелері қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.