Алматыда Almaty Cyber Games 2022 турнирі өтеді

Алматыда Almaty Cyber Games 2022 турнирі өтеді
Сурет: Ашық дереккөз

27-28 қарашада Алматы қаласында алғаш рет Cyber Games киберспортынан екі күндік турнир өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Жарыс үш пән бойынша өтеді: Dota2, Counter Strike, Global Offensive және FIFA 22. Оған Adren, Acoolfifa, MuMino, Keen, Aigera Dunamis, Nigmaabq жетекші стримерлері және Hakim Мukaram, Еssentay, Shakesh, Аsylromeo блогерлері қатысады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Almaty Cyber Games 2022 жай ғана турнир емес, цифрлық ойын-сауық индустриясының нағыз фестивалі болмақ. Жаңа жастар киберспорт қозғалысының білгірлері мен жанкүйерлерін қызықты тимфайттер, косплей-шоулар, демеушілерден сыйлықтар ұтыс ойындары, шақырылған атақты қонақтар және т. б. күтеді.

Турнирдің жалпы жүлде қоры демеушілер есебінен 3 000 000 теңге. Турнирді Алматы қаласы цифрландыру басқармасының қолдауымен iPlay eSports киберспорт платформасы ұйымдастырды.
 
Өтетін күні мен уақыты: 27-28 қараша сағат 13:00-де
Өтетін орны: Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі, 181, Intercontinental Almaty қонақ үйі.