Алматыдан 500 шақырым жерде жер сілкінді

Алматыдан 500 шақырым жерде жер сілкінді
Сурет: Aшық дереккөзден

Жер сілкінісі 11 маусым күні сағат 15:40-та   тіркелді.

Жерасты дүмпуін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «СОМЭ» ЖШС-нің сейсмикалық стансалар желісі анықтаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 542 шақырым қашықтықта - Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.5.

MPV магнитудасы - 4,6.

Эпицентр координаттары - 42,09°, солтүстікке қарай - 83,33° E

Тереңдігі - 15 км.

Қабылдау туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): жоқ.