Алматыда 185 көп балалы отбасы баспаналы болады

Алматыда 185 көп балалы отбасы баспаналы болады
Сурет: 24.kz.

Қалада 400-ден астам жалдамалы пәтер бөлінді.

Биыл Алматыда әлеуметтік осал топтар үшін 400-ден астам жалдамалы пәтер бөлінді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Алматы әкімдігінің мәліметінше, биыл үй кезегінде тұрған халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы 216 адам сатып алу құқығынсыз жалға берілетін пәтер алады. Сонымен қатар 185 көп балалы отбасы баспаналы болады. Барлығы 401 пәтер беріледі. 

Көп қабатты тұрғын үй «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша «Жас қанат-2» шағынауданында салынды. Тұрғын үй кешенінде барлығы 3116 пәтер бар. Қалған 2715 пәтер кезекте тұрғандарға жеңілдетілген несиемен беріледі. 

Сондай-ақ былтыр қараша айында жасы 29-ға дейінгі жұмыс істейтін жастарға жалдамалы пәтер беруге құжаттар қабылданған болатын. Пәтерлер саны – 1050. 

Ал ағымдағы жылғы 18 мамырдан «Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасына қатысу үшін өтінім қабылдау басталды.