«Алматы жастары» бағдарламасына 10 мыңдай азаматтың өтініші қабылданбаған

«Алматы жастары» бағдарламасына 10 мыңдай азаматтың өтініші қабылданбаған
сурет: Egemen.kz

4 мыңға жуық адам бағдарлама талапқа сай емес

«Алматы жастары» бағдарламасына тапсырған 9 мың 500-ден астам азаматтың өтініші қабылданбаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Оған басты себеп қатысушылар құжат жинау кезінде салғырттық танытып, қателескен дейді коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының өкілдері. Олардың айтуынша, көпшілігі жылжымайтын мүліктің бар-жоғы туралы анықтамада жалпы Қазақстанды емес, Алматыны көрсеткен. Ал 0 балмен жолдама алғандар өздеріне бәсекелес болмағандықтан өтіп кеткен дейді.

«4 мыңға жуық адам бағдарлама талаптарына мүлдем сәйкес келмейді. Оның ішінде 65 адам Қазақстан бойынша меншікті жылжымайтын мүлігі бар. 123 өтініште соңғы 5 жыл ішінде мүлкі болған, бірақ ол мүлікті иелігінен шығарған», – деді   Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының бөлім басшысы Ғалымжан Әбдішүкірұлы.