Алматы тауларында қар көшкіні қаупі сақталады

Алматы тауларында қар көшкіні қаупі сақталады
Сурет: Ашық дереккөз

55 көшкін қаупі бар учаске анықталған

Наурыз айының басында Алматы облысының тауларында көшкін жүру қаупі сақталады. Бұл туралы Алматы облысы ТЖД-да мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Алматы облысының тауларында 1-6 наурыз аралығында көшкін жүру қаупі сақталады. ТЖД азаматтардан, туристерден және демалушылардан қар көшкінін тудыруы мүмкін болғандықтан қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ таулы жерлерде барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды»,- делінеді хабарламада.

Сондай-ақ ведомствоның мәліметінше, Алматы облысының аумағында Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында 55 көшкін қаупі бар учаске бар.

«Негізінен қар көшкінінің түсуі температура фонының жоғарылауына және жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болады», - делінген хабарламада.