Алматы полициясы ұрланған көліктерді жер асты тұрақтарынан іздеп жатыр

Алматы полициясы ұрланған көліктерді жер асты тұрақтарынан іздеп жатыр
Сурет: Polisia.kz

Аталған іздестіру іс-шараларын қалалық криминалистикалық және әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлері бірлесіп жүргізіп жатыр.

Іс-шара мақсаты іздеу жарияланған және ұрланған көліктерді, сондай-ақ жер асты тұрақтарына газбаллон орнатылған көліктердің кіру фактілерін анықтау, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Polisia.kz-тің мәліметінше, Алматы қаласында “Газбаллон” атты республикалық іс-шарасы аяқталды. Шара барысында жер асты тұрақтарында газбаллон орнатылған көліктер анықталған.

«Ал бүгінде аталған шара қылмыстық ахуалға байланысты әрі қарай өзгертілді. Себебі, көбінесе ұрланған немесе іздеу жарияланған көліктерді жер асты тұрақтарына жасыру үрдіске айналған. Мысалға, іс-шара барысының алғашқы тәулігінде іздеуде жүрген екі көлік әшкереленді. Сонымен қатар, газ баллон орнатылған көліктерін жер асты тұрақтарына қойған 6 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деп мәлімдеді Алматы қаласы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасы бастығы Асхат Күлбаев.

Сондай-ақ, ол аталған рейдттік шаралар өткізу үшін арнайы мобильді топ құрылғанын жеткізді.