Алматы полициясы таксопарк басшыларымен жиын өткізді

Алматы полициясы таксопарк басшыларымен жиын өткізді
Сурет: Polisia.kz

Кездесу онлайн режимде өтті.

Алматы полициясында такси қызметінің басшыларымен жиын өтті, – деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның мақсаты – бірлескен өзара іс-қимылды жақсарту мәселелерін қарастыру.

«Такси қызметінің өкілдері мен такси жүргізушілерінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының себептері – олардың жол қозғалысы ережелерін бұзуы, жол-көлік оқиғалары мен апаттардың туындауына ықпал ету мәселелері талқыланды. Типтік мысалдар келтірілген. Жүргізуші құрамы арасында құқықтық тәртіпті сақтауды күшейту қажеттігіне ерекше назар аудардық. Сонымен қатар, кездесу барысында «Естуші мемлекет» тұжырымдамасы аясында іске қосылған «102» мобильді қосымшасының тұсаукесері өтті. Бұл қосымша азаматтардан полицияға хабарламаларды қабылдаудың жаңа процесі болып табылады. Құқық бұзушылыққа куә болған такси жүргізушілерін аталған қосымша арқылы тиісті ақпаратты жіберіп отыруға шақырдық», – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Ержан Ұзабаев.