Алматы полициясы: хостелде өрт кезінде қаза тапқандардың бәрінің жеке бастары анықталды

Алматы полициясы: хостелде өрт кезінде қаза тапқандардың бәрінің жеке бастары анықталды
Almaty-akshamy.kz

Бұл туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы ПД Тергеу басқармасы басшысының орынбасары, полиция полковнигі Айбат Мырзамадиев мәлімдеді. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, жүргізілуде.

Алдын ала нұсқа бойынша, 13 адамның өлімінің себебі ыс тиіп, улану болды.

"Қаза тапқан 13 азаматтың төртеуі шетелдіктер. Ресей Федерациясынан екі адам және Өзбекстаннан екі адам. Дипломатиялық арналар арқылы қаза тапқандардың туыстары хабардар етілді", - деді полиция полковнигі Айбат Мырзамадиев.

Сондай-ақ, полицей Алматыда өртенген хостел иелерінің анықталғанын хабарлады. 

"Қазіргі уақытта олардың қайда екенін анықтау шаралары қабылдануда. Қазір біз барлық құжаттаманы көтеріп жатырмыз, жағдай анықталуда", - деді Алматы ПД тергеу басқармасы бастығының орынбасары Айбат Мырзамадиев.