Африкада су тасқынынан 270 адам қаза тапты

Африкада су тасқынынан 270 адам қаза тапты
Сурет: Getty Images

Африка мүйісінде тоқтаусыз жауып жатқан жаңбыр су тасқынына ұласып, 270-ке жуық адам қаза тапты, 900-ден астам адам үйін тастап кетуге мәжбүр болды. Бұл туралы Даму мәселелері бойынша Үкіметаралық орган жанындағы /ICPAC/ Климаттық болжамдар және климат деректерін қолдану орталығына сілтеме жасап Синьхуа мәлім етті, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Мәлімдемеде жайсыз ауа райынан Эфиопия, Кения мен Сомали қатты зардап шекті. Кейінгі екі елде жауын-шашын бір айдан бері тоқтамай жатыр.

«Африка мүйісі қазіргі уақытта Эль-Ниньо тудырған жауын-шашын мен су тасқынынан зардап шегіп отыр. Бұл жағдай адамдар мен жануарлардың өліміне және Сомали, Кения мен Эфиопия тұрғындарының жаппай көшуіне әкеп соқты», – деп хабарлады ICPAC.

Жергілікті билік өкілдері Сомалиде ауа райы салдарынан 100 адам, Кенияда – 120, Эфиопияда 46 тұрғын мерт болғанын мәлім етті.

Тұрғындары көбірек көшкен өңір Сомали болып тұр. Онда 700 мың адам үйін тастап кетті. Кенияда 136 мың адам және Эфиопияда 50 мыңға жуық тұрғын бас сауғалауға мәжбүр болды.

ICPAC бағалауынша, су тасқанынан Сомалиде 1,5 миллионнан астам адам, Кенияда 950 мыңнан астам, Эфиопияда 101 мыңнан астам тұрғын зардап шекті.