«Қазақстан – Қытай халықаралық өнеркәсіп қаласы» жобасы қайта жанданатын болды

«Қазақстан – Қытай халықаралық өнеркәсіп қаласы» жобасы қайта жанданатын болды
Cурет: Jjtv.kz

Оны жүзеге асыру үшін 1 трлн теңгеден астам инвестиция құйылады.

Жетісу өңірінде «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағында орналасатын «Қазақстан – Қытай халықаралық өнеркәсіп қаласы» жобасы қайта жанданатын болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Логистикалық технопарк аумағында жаңа өндірістік кешендер, дамыған инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындары, сауда ойын-сауық орталықтары және фуд-корттар сынды нысандар бой түзейді.

Еске сала кетейік, пандемияға байланысты ондағы құрылыс жұмыстары тоқтап, 2 жылға шегерілген болатын.