Алматы полициясы жамбылдық тұрғыннан қаңтар оқиғасында ұрланған мылтықты тәркіледі

Алматы полициясы жамбылдық тұрғыннан қаңтар оқиғасында ұрланған мылтықты тәркіледі
Сурет: Lietuvos

Ол бұрын да сотталған.

Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрланған мылтық 27 жастағы Жамбыл облысының тұрғынынан тәркіленді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қарақшыны қаланың криминалдық полиция қызметкерлері ұстады.

«Ұстау іс-шарасы Әуезов ауданының аумағында болды. Қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде аңшылық дүкеннен ұрлық жасады деген күдікпен 27 жастағы К. есімді азамат ұсталды. Қылмыскердің олжасы 12 калибрлі SIBERGUN тегіс ұңғылы мылтық болды. Заттай айғақтар тәркіленді және сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 291-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелген қылмыстық іс материалдарына біріктірілді», – дейді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Белгілі болғандай, ұсталған азамат бұрын да тонау қылмысы үшін сотталған. Қазіргі уақытта күдіктінің осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.