Алматы полицейлері ірі көлемде есірткі тәркіледі

Алматы полицейлері  ірі көлемде есірткі  тәркіледі
Сурет: Polisia.kz

Сот-химиялық сараптама тағайындалды.

Алматы полицейлері экобекетте ер адамнан есірткінің ірі партиясын тәркіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері Алматы қаласының 58 жастағы тұрғынын ұстады, одан 6 келі жасыл түсті ұнтақты зат тәркіленді.

«Инспекторлар экологиялық бекетте ВАЗ-2109 көлігін тоқтатты. Жеке тінту барысында 58 жастағы А.есімді азаматтың қалтасынан психотроптық зат салынған бума табылып, тәркіленді. Көліктен жасыл түсті ұнтақты заты бар үш байлам салынған сөмке табылды. Тәркіленген шөптің жалпы салмағы шамамен 6 келіні құрайды. Бұл деректі Алатау аудандық ПБ-ның жедел тергеу тобы тіркеді. Сот-химиялық сараптама тағайындалды», — деді Алматы қалалық ПД Патрульдік полиция полкінің командирі Бауыржан Хантеміров.

Сонымен қатар, медициналық тексеру жүргізіліп, нәтижесінде ұсталған азаматтың есірткіге мас болғаны анықталды. Оның айтуынша, бұл затты өзі қолдануы үшін алған.