Алматы өзендерінде сел жүру қаупі бар

Алматы өзендерінде сел жүру қаупі бар
Сурет: 24.kz

Өйткені көп мөлшерде жауын-шашын түскен.

Алматылықтарға сел жүру туралы ескерту жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметіке сәйкес, алдағы тәуліктерде Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде сел қалыптасуы мүмкін.

«Қазіргі уақытта мореналық көлдерінде алдын алу шаралары белсенді жүргізілуде. Аса қауіпті мореналдық 6 көлде су түсіру жұмыстары жүргізілүде. Қазселденқорғаудың барлық бөлімшелері сел қаупі бар учаскелерде күшейтілген және бақылаудың жеделдетілген режиміне көшті»,- дейді «Қазселденқорғау» ММ басшысы Қайрат Бекенов.