Алматы-Өскемен трассасының су шайып кеткен бөлігінің тұсынан айналма жол салынды

Алматы-Өскемен трассасының су шайып кеткен бөлігінің тұсынан айналма жол салынды
Cурет: Inform.kz

Жаңбыр суының шайып кетуіне байланысты Алматы-Өскемен тасжолының 382-410 шақырымында жабылған жол ашылды, - деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Қазір жолаушылар 200 шақырымдық айналма жол арқылы емес, шу шайып кеткен жолдың жанынан жасалған айналма жол арқылы қатынауда. 

«Жол қозғалысы қалпына келтірілді. Республикалық маңызы бар Алматы-Өскемен тас жолының 393-395 шақырымындағы құбырлы су өткелдерін су шайып кетуіне байланысты айналма жолдар жасалып, жол қозғалысы қалпына келтірілді»,- делінген Ақсу ауданы әкімінің баспасөз қызметінің жариялаған хабарламасында.