Алматы облысының тауларында көшкін жүруі мүмкін

Алматы облысының тауларында көшкін жүруі мүмкін
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді! 

Алматы облысының тауларында 2024 жылғы 04-07 қаңтар аралығында көшкін қаупі сақталады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

ТЖД туристер мен демалушылардан қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ таулы жерлерде барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды. Алматы облысының аумағында Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында 55 көшкін қаупі бар учаске бар. Негізінен қар көшкінінің түсуі температура фонының жоғарылауына және жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болады.