Алматы облысында мыңдаған оқушы мектепке жаңа автобустармен қатынайтын болды

Алматы облысында мыңдаған оқушы мектепке жаңа автобустармен қатынайтын болды
Сурет: 24.kz

Қонаев мектептеріне жаңа автобустар берілді. 

Оқушылардың қауіпсіздігі мен тасымалын қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімдігі су жаңа  36 автобус сатып алды. Лизинг арқылы рәсімделген қоғамдық көлітерді алуға 2 млрд 272 млн теңге қаражат жұмсалды.

Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев көлік кілттерін бес ауданың білім бөлімі басшыларына табыстады. Талғар, Іле, Еңбекшіқазақ, Қарасай мен Жамбыл аудандарында оқушы тасымалы өзекті мәселе саналады. Халық тығыз орналасқан аудандардағы  30 мыңнан астам  оқушы мектепке тасымалмен барып оқиды.

«Ең бастысы, балаларымыздың амандығы. Балаларымыз аман-есен, заман талабына сай білім алып, мектептен үйіне, үйінен мектепке аман-есен оралуы. Біздің негізгі мақсатымыз осындай, негізгі жұмысымыз  балалар аман болсын. Тек балалар игілігіне бүгінгі автобустар қызмет етеді деген сенімдеміз», - дейді Алматы облыстық білім басқармасының басшысы Салтанат Беспаева.