Алматы облысында жүлде қоры қомақты бәйге өтеді

Алматы облысында жүлде қоры қомақты бәйге өтеді
Сурет: Ашық дереккөз

Жарыстың жүлде қоры – 17 700 000 теңге

1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесіне орай Алматы облысы Талғар ауданындағы Қоблынады батыр атындағы ипподромында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен ұшқыр бәйгеден Qazaq World Cup турнирі өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Турнирдің ұйымдастырушысы ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы, Алматы облысының әкімдігі, республикалық «Бәйге» Федерациясы, сондай-ақ, «Bayserke Agro» холдингі болып табылады. Жарыстың жүлде қоры – 17 700 000 теңге.

Одан бөлек көрермендер арасында жалпы жүлде қоры 2 миллион теңгеге жуық «Ең үздік ұлттық киім», арқан тарту, қыз қуу, асық ату, қошқар көтеру сынды ойындардан сайыстар өткізілетін болады.