Алматы облысында жоғалып кеткен отбасы мүшелері аман-есен табылды

Алматы облысында жоғалып кеткен отбасы мүшелері аман-есен табылды
Сурет: Ашық дереккөзі

Көбінің машинасында жанармай таусылып қалған.

Алматы облысында жоғалып кеткен отбасы мүшелері аман-есен табылды. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz ТЖМ сілтеме жасап хабарлайды.

«Республикалық жедел-құтқару жасағы тобының және Қонаев қаласы жедел-құтқару жасағының күшімен Бартоғай су қоймасы жағынан Фесенков атындағы Астрофизика институтының обсерваториясына жетпей 40-қа жуық автомашина табылды. Адамдардың саны анықталуда, алдын ала мәлімет бойынша зардап шеккендер жоқ. Жоғалып кеткен 7 адамнан тұратын отбасы да сол жерде екен. Көбінің машинасында жанармай таусылып қалған. Қазіргі уақытта құтқарушылардың күшімен автокөліктерге жанармай құю және адамдарды машиналарымен колонна арқылы эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Еске салсақ, бүгін таңертең Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөлімі пультіне отбасының жоғалып кеткені туралы хабарлама түсті. Сонымен қатар жоғалып кеткен отбасын іздеу жұмыстары күшейтілген еді.