Алматы метрополитен желісіне қосымша жылжымалы құрам қосылады

Алматы метрополитен желісіне қосымша жылжымалы құрам қосылады
сурет: «Алматы метрополитені» КМК

Метродағы қозғалыс аралығы 6 минут 12 секундке дейін қысқарады.

Жолаушылар ағынының артуына байланысты және халыққа сапалы қызмет көрсету мақсатында 2023 жылғы 13 ақпаннан бастап Алматы метрополитенінде қосымша жылжымалы құрам қосылады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

«Алматы метрополитені» КМК баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңа құрам қосылған соң метро желісінде 10 құрам қызмет көрсетеді. Нәтижесінде  қозғалыс аралығы қарбалас сәтте 6 минут 12 секундке дейін қысқарады. Электрлі жылжымалы құрамның қозғалыс кестесін жолаушылар «Алматы қаласының метрополитені» қосымшасынан көре алады.

Айта кетейік, 2022 жылы екі жаңа станция қолданысқа беріліп, жолаушылар ағыны екі шамамен есеге артып, 85 мыңға жетті. Қазір 938 адам сыятын 4 вагонды жылжымалы құрам қатынап жүр.