Алматы мемлекеттік мектептерінде электронды оқулықтарға жазылу жалғасын табады

Алматы мемлекеттік мектептерінде электронды оқулықтарға жазылу жалғасын табады
Сурет: ашық дереккөз

Ақпаратты Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева ӨКҚ брифингінде айтты.

 
Биыл оқулықтар мен көркем әдебиеттерді сатып алуға 3 млрд 263 мың теңге көлемінде қаржыландыру көзделген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Бүгінгі таңда 11 баспамен 2 млрд теңгеге шарттар жасалды.

“Оқулықтарды жеткізу бойынша конкурстық рәсімдер аяқталды. Сонымен қатар, барлық 214 мемлекеттік мектеп үшін электронды оқулықтарға жазылу жалғасады”, - деп атап өтті ол.

2023-2024 оқу жылында 303 мыңнан астам оқушы күтілуде, барлығы 100% тегін оқулықтармен және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етіледі.
 
Қазіргі уақытта оқулықтарды сатып алу рәсімдері жүріп жатыр.