Бүгін алты қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін алты қалада ауа сапасы нашарлайды
Сурет: Ашық дереккөз

«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

13 желтоқсанда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Алматы, Теміртау, Балқаш, Жезқазған, Қарағанды және Шымкент қалаларында күтіледі.

Өзге шаһарларда атмосфералық ауа сапасы норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.