Алматы мектептерінің бірінде бас есепші 46 млн теңгеден астам қаржы ұрлаған

Алматы мектептерінің бірінде бас есепші 46 млн теңгеден астам қаржы ұрлаған
Сурет: 24.kz

Алматыда мектептің бас бухгалтері бір жыл бойы өзінің жеке шоттарына штаттық кестеде қарастырылған жалақыдан асатын жалақыны заңсыз аударып келген.

Аталған факті бойынша Бостандық ауданының прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады. Тергеу барысында мектеп бухгалтері өз кінәсін толығымен мойындады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

24.kz ақпаратына сай, сот үкімімен кінәлі адам Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы (сеніп тапсырылған мүлікті иемдену және ысырап ету) бойынша материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан 5 жыл мерзімге айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.