Қазақстанның әскери ғалымдары мен педагогтары кәсіби мерекесін атап өтуде

Қазақстанның әскери ғалымдары мен педагогтары кәсіби мерекесін атап өтуде Сурет: Gov.kz

Бүгін – әскери-ғылыми қызметкерлер мен әскери педагог күні. Бұл күн Қорғаныс министрінің 1997 жылғы 24 қарашадағы «Қарулы күштер үшін ғылыми-педагогикалық және ғылыми кадрлар даярлау туралы» бұйрығының қабылдануымен тікелей байланысты. 


Әскери бейіндегі жоғары білікті мамандар дайындау мемлекеттің қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету ісінде үлкен маңызға ие. Ол тоғыз әскери оқу орнын қамтитын отандық әскери білім беру жүйесі шеңберінде жүзеге асырылады. Олардың барлығы елдің білім беру кеңістігінің бірыңғай нормативтік-құқықтық және оқу-әдістемелік саласында жұмыс істейді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. 


Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаменті осы саладағы үйлестіруші орган болып табылады. Оның құзыретіне Қарулы күштер үшін кәсіби кадрларды дайындау, әскерлердің жауынгерлік және жұмылдыру дайындығы міндеттерін ойдағыдай шешуге мүмкіндік беретін әскери кадрларды дайындау деңгейін қамтамасыз ету кіреді.


Департамент отандық әскери-ғылыми мектепті нығайту және профессорлық-оқытушылар құрамының дәрежелілігін арттыру бойынша жұмыс жүргізеді.



«Жалпы әскери білім беру жүйесі мамандарды дайындау сапасын арттыруға, оқытудың жаңа бағыттарын ашуға, инновацияларды енгізуге және ғылыми-зерттеу ортасына интеграциялауға бағытталған. Ол үшін қорғаныс ведомствосында әскери ғылымды сапалы жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік беретін қорғаныс және ғылыми зерттеулер жүргізудің жаңартылған моделі қалыптасып, іске асырылуда», – деп атап өтті Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы, әскери ғылымдар докторы, профессор генерал-майор Жұмабек Ахметов.



Бүгінгі таңда педагогикалық, ғылыми-зерттеу және өнертапқыштық корпус 10 ғылым докторы, 53 философия докторы (PhD) және 48 ғылым кандидатынан тұрады. Әскери ғалымдардың өнертабыстары мен пайдалы техникалық модельдеріне берілген 7 патенті, авторлық құқық және зияткерлік меншік туралы 23 куәлігі бар.


2021 жылдан 2022 жылға дейін олар 9 оқу құралын, оқу процесінде пайдаланылатын 15 монографияны басып шығарды. 240-тан астам ғылыми мақала, оның ішінде 44-і шетелдік басылымдарда жарияланды.  Гранттық және 2-бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде 14 ғылыми-зерттеу жобасы іске асырылуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37