Алматы мектептерінде Тәуелсіздік мерекесі тойланды

Алматы мектептерінде Тәуелсіздік мерекесі тойланды
Almaty-akshamy.kz

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Алматы қаласының Білім басқармасына қарасты 215 мектепте ауқымды іс-шаралар кешені ұйымдастырылды. Мектептерде мерейлі мерекеге арналған сынып сағаттары мен ашық сабақтар өтіп, көрмелер мен концерттік бағдарламалар өткізілді. 

Тағылымға толы іс-шаралардың мақсаты - оқушылардың елін, жерін сүйіп, тарихын құрметтеуге бағыттау, ел егемендігі туралы жан-жақсы түсінік беру.

Осы мақсатта білім мекемелерінде «Тәуеліздік – елімнің ерлік жолы», «Тәуелсіздік – алтын тұғырым!», «Тәуелсіздік - тірегім, елім деп соқсын жүрегім..» тақырыптарында тәрбие сағаттары, әдеби-музыкалық кештер және танымал тұлғалармен кездесулер де ұйымдастырылды. Белгілі композитор Аманғазы Кәріпжанның қатысумен музыкалық кеш, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында «Халық әні» кафедрасының оқытушылары, халық әртістері мен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлерінің қатысуымен әдеби-сазды кеш өтті.

Тәуелсіз елім-кең байтақ жерім» тақырыбында челлендж өтті.Ұстаздар оқушыларға қасиетті мерекенің мән-мағынасын, маңыздылығын, мәңгілік құндылығын түсіндірді. 

Егемен еліміздің тарихи жетістітері сөз болған іс-шараларға оқушылар да бар ынтасымен қатысып, жоғары дәрежедегі дайындықтарын көрсетті.

Сонымен қатар мереке қарсаңында «Ұстаз барысы - 2023» қалалық турнирі өтт і. Жарысқа жалпы саны 64 ұстаз қатысып, боз кілемде шеберліктерін шыңдады. Шарада салауатты өмір салты насихатталып, ұстаздар арасында қазақ күресі кеңінен насихатталды. 

Жалпы қаланың білім беру ұйымдарында Тәуелсіздік мерекесін ұлықтайтын іс-шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылар мен ұстаздар белсенділік танытты.