Алматы Маңғыстауға жем-шөп жөнелтті

Алматы Маңғыстауға жем-шөп жөнелтті
Сурет: Алматы облысының әкімдігінің баспасөз қызметі

Қазір өңірде мал азығын дайындау ісі қарқынды жүріп жатыр.

 Алматы облысының белсенділері Маңғыстау облысының фермерлеріне гуманитарлық көмек ретінде 42 вагон шөп, 1 вагон мал жемін жөнелтті, - деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, облыс белсенділерінің күшімен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Жетісу» ӘКК тарапынан 32 вагон шөп пен 1 вагон мал жемі жинақталып жіберілді. Сонымен қатар Панфилов ауданының белсенділері де 10 вагон шөп қосымша жөнелтті.

 Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне сүйенсек, Алматы облысында мал азығы жеткілікті болады.