Алматы маңында магнитудасы 4,2 баллға тең жер сілкінісі болды

Алматы маңында магнитудасы 4,2 баллға тең жер сілкінісі болды
Сурет: Ашық дереккөз

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан шығысқа қарай 71 шақырым жерде тіркелді

Жер сілкінісін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты "СТӘЭ" ЖШС тіркеді. Сейсмикалық толқындар туралы ақпарат 14 ақпанда Алматы уақыты бойынша сағат 16:00-де түсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан шығысқа қарай 71 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 8,8;
MPV магнитудасы 4.2;
Эпицентр координаттары 43,32° с. е., 77,78° ш.б.;
Тереңдігі 25 км;