Алматы көшелеріне 128 мыңнан аса камера орнатылған

Алматы көшелеріне 128 мыңнан аса камера орнатылған
Сурет: Kolesa.k

Бұл туралы қала мәслихатының отырысында Цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев айтты. 

Коммерциялық объектілердің бейнекамералары азаматтар көп жиналатын жерлерде және кіру топтарында ғана қосылатын болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Алматы қаласында бейнебақылау жүйелерімен жарақтандыру деңгейі еліміздің басқа өңірлерімен салыстырғанда айтарлықтай жоғары. Мемлекет қатысатын жобалар бойынша 30,7 мың бейнекамера жұмыс істейді. Коммерциялық ұйымдарда бейнебақылау жүйелерін ескерсек, Алматы қаласындағы камералар саны 128 мыңнан асады. Коммерциялық объектілердің 128 мың камераға дейінгі бейнебақылау жүйелерін пайдалану есебінен бейнебақылау жүйелерімен қамту едәуір кеңейтілуі мүмкін, бұл мемлекеттік жүйелердің көлемінен 4 еседен асады», – деді спикер.

Коммерциялық объектілердің бейнекамералары азаматтар көп жиналатын жерлерде және кіру топтарында ғана қосылатын болады.

Бизнес-құрылымдардың камераларынан бейне ағындарды пайдаланудың заңды негізін құру мақсатында ҚР «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» заңына толықтырулар енгізілді, бұл деректерді беру арналары үшін ақы төленген жағдайда, бизнес камераларынан бейнеағындарды өтеусіз негізде жинауға мүмкіндік береді.