Алматы көлік қаңқасына қатысты маман пікірі

Алматы көлік қаңқасына қатысты маман пікірі
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі 

Көлік саласындағы маман ретінде қазір Алматыда қоғамдық көлікпен жүріп-тұрудың тартымдылығын арттыру үшін жағдай жасау бойынша көлемді кешенді жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өткім келеді. Қалалық қоғамдық көлікпен жолаушылар тасымалы басым жағдайға ие болуы үшін жалпы көлік ағынында жылжымалы составты жаппай жаңарту, көлік инфрақұрылымын – жолдар мен аялдама кешендерін үнемі жетілдіру, сондай-ақ қала маңындағы бағыттар мен желілерді дамыту жүргізілуде.

Сонымен қатар, БРТ-ның бөлінген жолақтары мен желілері де  дамуда. Осы жүйелі жұмыстың жетекші элементтерінің бірі Райымбек даңғылындағы БРТ желісі болуы тиіс.

Қазіргі уақытта Райымбек даңғылында жолаушылар көлігі қозғалысында айтарлықтай қиындықтар байқалуда. Мәселен, "Барлық" базарынан Бауыржан Момышұлы көшесіне дейінгі учаскеде бір бағытта орташа есеппен тәулігіне 30 000 жолаушы өтеді, бұл ретте таңертеңгі уақытта жолаушылар ағыны 3 500 жолаушы сағатына жетеді. 

Бауыржан Момышұлы көшесінен кейін орташа тәуліктік жолаушылар ағыны 20 000-25 000 мың жолаушыға дейін төмендейді, алайда бұл көрсеткіш Райымбек батыр даңғылының дәлізіне жолаушылар тарапынан жоғары сұраныстың бар екенін көрсетеді.

Дәліздегі негізгі қиындықтар кешкі қарбалас уақытта, батыс бағытта қозғалу кезінде байқалады. Мысалы, Райымбек даңғылының Немирович-Данченко көшесімен қиылысу аймағында (күлгін нүктемен белгіленген) "Барлық" базарына қарай жүру кезінде автобустардың орташа жылдамдығы 35 км/сағ-тан 4 км/сағ-қа дейін төмендейді. 

Әуезов көшесінің Райымбек даңғылына іргелес торабының конструктивтік ерекшеліктері мұнда көлік құралдарының қозғалыс жылдамдығын айтарлықтай төмендетеді, бұл қозғалыс қауіпсіздігіне теріс әсер етеді.

Кешкі кезеңдерде қозғалыс жылдамдығының төмендеуі дәліздің кешкі уақытта жүру тартымдылығын төмендетеді, оны жолаушылар ағынының картограммасынан көруге болады:
Ұсынылған карта ағынның шамамен 25000 жолаушы сағатқа төмендегенін көрсетеді. Саяхат автовокзалынан  "Барлық"  базарына қарай жылжу кезінде 17 000 жолаушы  сағатқа дейін. 

Райымбек батыр даңғылын БРТ үшін инфрақұрылымды жайластыра отырып, реконструкциялау бірінші кезекте жылдамдықты, сондай-ақ тасымалдардың сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.