Алматы хайуанаттар бағында елік дүниеге келді

Алматы хайуанаттар бағында елік дүниеге келді
Сурет: Ашық дереккөз

Алматы хайуанаттар бағында елік дүниеге келді. Бәйшешек есімді төлдің бейнетаспасы әлеуметтік желілерде жарияланған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

 Бақ қызметкерлері төлдің жағдайы жақсы екенін атап өтті. Бейнетаспаның астындағы сипаттамада елік 28 маусымда әкесі Кругляшок пен анасы Райханнан туғаны айтылған. Бақ қызметкерлері жас елікке Бәйшешек деп ат қойған.

"Бұл ерекше сүйкімді жануар кімді естеріңізге түсіреді? Әрине, баршаңыздың есіңізге балаларға арналған мультфильмнен таныс еліктің лағы – Бэмбиді еске түсірген шығар. Әзірше Бәйшешек енесінің сүтін емеді. Аздап шөптің, жеміс пен жарманың дәмін тата бастады. Кішкентай Бәйшешекті зебралар вольерінің оң жағындағы үлкен қоршауда тұратын еліктер отбасынан көре аласыздар. Бәйшешек онда өзінің үлкен-кіші туыстарымен бірге жүреді. Кішкентай еліктің лағын көруге зообаққа келіңіздер!" - деп жазды Алматы хайуанаттар бағының қызметкерлері Instagram-дағы парақшасында.

https://www.instagram.com/reel/CvrE6ahIQRG/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==