«Алматы қаласы Білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік білім беру ұйымдарының (колледж) басшыларының бос лауазымдық орындарына конкурс жариялайды:

 «Алматы қаласы Білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік білім беру ұйымдарының (колледж) басшыларының бос лауазымдық орындарына конкурс жариялайды:
minturizm.kbr.ru
  1. Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжі» КМҚК басшысы.

Заңды мекенжайы: Алматы қ., Түрксіб ауданы, Заветная көшесі, 41 үй.

Лауазымды жалақысы еңбек өтіліне байланысты - 101 403 теңгеден 122 994 теңгеге дейін.

Қызмет түрі: Кәсіптік-техникалық білім беру. 2008 жылдан бері жұмыс істейді.

  1. Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы көпсалалы колледжі» КМҚК басшысы.

Заңды мекенжайы: Алматы қ., Әуезов ауданы, Жандосов көшесі, 63 үй.

Лауазымды жалақысы еңбек өтіліне байланысты - 101 403 теңгеден 122 994 теңгеге дейін.

Қызмет түрі: Кәсіптік-техникалық білім беру. 2008 жылдан бері жұмыс істейді.

Біліктілікке қойылатын талаптар:  Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлаудан өткені туралы құжат, білім беру саласындағы жұмыс өтілі соңғы 5 жылдан кем емес, оның ішінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы басшысының орынбасары лауазымындағы еңбек өтілі кемінде 1 жыл немесе тиісті бейіні бойынша кәсіпорындағы еңбек өтілі кемінде 3жыл; оның ішінде басшы лауазымында кемінде 3 жыл, оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде - қосымша педагогтың бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы.

Лауазымдық міндеттері: Қазақстан Республикасының заңнамасына және білім беру ұйымының жарғысына сәйкес оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік, әкімшілік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне басшылық жасайды. Оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын, оқу процесінің кестесін, ішкі тәртіп ережесін бекітеді. Білім беру ұйымының басқару құрылымын, штаттық кестесін, қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді. Білім алушылардың контингентін қалыптастырады, олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында қоғамдық тамақтандыру, медициналық қызмет көрсету ұйымдарының жұмыс істеу және олардың жұмысына бақылауды ұйымдастыру үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз етеді. Жұмыс берушілермен және әлеуметтік әріптестермен жүргізілетін жұмысты үйлестіреді. Қолда бар мүліктер мен құралдарға билік жүргізеді, оқу-материалдық базаны толтыруды және оның есебі мен сақталуын, санитарлық-гигиеналық ережелер тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді. Материалдық-техникалық базаны қайта жарақтауды және қайта құруды ұйымдастырады. Педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады. Білім беру ұйымының оқыту қызметінің саласын дұрыс ұстау және кеңейту мақсатында инновациялық білім технологияларын енгізуді және тартуды қамтамасыз етеді. Кадрларды іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, педагогикалық және тәрбие процесінің қажетті деңгейін қамтамасыз етеді, олардың біліктілігі мен кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды. Үздіксіз кәсіптік оқыту жөнінде білім беру ұйымдарымен бірлескен жұмыс бойынша жалпы басшылықты жүзеге асырады. Жұртшылықпен байланысты қамтамасыз етеді, ата-аналармен (олардың орнын басушы адамдармен) жүргізілетін жұмысты үйлестіреді. Жоғары тұрған, қоғамдық және өзге де ұйымдарда білім беру ұйымының мүддесін білдіреді. Әлеуметтік серіктестік және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі шараларды жүзеге асырады. Уәкілетті органға (құрылтайшыға) оқу, ғылыми және қаржылық қызмет нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті ұсынады. Еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік жөніндегі заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілер талаптарын орындауды қамтамасыз етеді және қауіпсіз еңбек етуге жағдай жасайды. Біліктілік санаттарын беру (растау) кезінде қойылатын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшылары мен басшылары орынбасарларының тиімділік көрсеткіштеріне сәйкес келеді.

 

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушылардың білім және тәрбие беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін, педагогика және психология негіздерін, қазіргі педагогтік ғылым мен тәжірибе жетістіктерін, басқарудың инновациялық әдістерін, экономика негіздерін, қаржы-шаруашылық мәселелерін, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелер мен нормаларын.

Конкурс «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларының негізінде өткізіледі (Қағидалар ҚР Білім және ғылым министрінің 19.11.2021 № 568 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.11.2021 № 432 бірлескен бұйрығының жаңа  редакциясында), (бұдан әрі - Қағидалар).

Конкурстың өткізілетін уақыты жоғарыда көрсетілген Қағидаға сәйкес белгіленеді.

Конкурсты өткізу орны: конкурс «Алматы қаласы Білім басқармасы» КММ, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Әбіш Кекілбаев көшесі, 89 үй мекенжайында онлайн режимінде өтеді.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымдарында («Алматы ақшамы», «Вечерний Алматы» газетінде) және Алматы қаласы Білім басқармамсының «edualmaty.kz» сайтында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 7 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

«Алматы қаласы Білім басқармасы» КММ немесе Мемлекеттік корпорация (Азаматтарға арналған үкімет) лауазымға орналастыру үшін мынандай құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады:

  • осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
  • жеке басты куәландыратын құжаты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттың көшірмесі (сәйкестендіру үшін);
  • кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы және фото;
  • білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
  • еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
  • психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
  • наркологиялық ұйымнан анықтама;
  • біліктілік тестілеу сертификаты;
  • Блім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары;
  • түйіндеме.

Конкурсқа қатысу үшін кандидат конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне (олар болған жағдайда) қол жеткізу туралы ақпаратты қосымша ұсынады. 4), 5), 6) 7), 8) 9) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсыну көрсетілетін қызметті берушіде оларды тиісті ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған жағдайда талап етілмейді. 4), 5) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері куәландырады және мөрмен расталады.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды келесі мекенжайға тапсыру керек: Мемлекеттік корпорацияға (Азаматтарға арналған үкімет) немесе 050060, Алматы қаласы, Әбіш Кекілбайұлы, 89 үй, Алматы қаласы Білім басқармасы.

Конкурстық комиссияның отырысына бақылаушы қатысады.

Конкурс үш кезеңде өткізіледі:

  • заңнаманы, басқарушылық құзыреттерді, педагогика және психология негіздерін білуге арналған біліктілік тестілеуі;
  • кандидаттарды мемлекеттік білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесімен келісу.
  • кандидаттармен әңгімелесуді конкурсты жариялаған мемлекеттік органның конкурстық комиссиясы жүргізеді.

Кандидаттар Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Білім туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын білуге арналған тестілеуден, «Басқарушылық құзыреттер», педагогика және психология бағыты бойынша тестілеуден өтеді.

Тестілеу 100 сұрақтан тұрады:

  • заңнаманы білуі бойынша - 75 сұрақ;
  • «Басқарушылық құзыретіліктер» бағыты бойынша - 15 сұрақ;
  • педагогика және психология негіздері бойынша - 10 сұрақ.

Тестілеуден өту үшін шекті деңгей әрбір бағыт бойынша 70%-ды құрайды.

Тестілеу 2022 жылғы 01 сәуірде, сағат 10:00-де Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 97 үйде (Логистика және көлік академиясы) өткізіледі.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі Алматы қаласы Білім басқармасының сайтында жарияланады.

Кандидаттар әңгімелесуге жіберілгендігі туралы хабарлама алған сәттен бастап   3 жұмыс күні ішінде Алматы қаласы Білім басқармасында онлайн режимде әңгімелесуден өтеді.

Конкурс нәтижелеріне конкурсқа қатысушылар заңнамада белгіленген тәртіппен шағымдана алады.

Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефондары, электрондық мекенжайлары: +77016707497. Электрондық адрес: 8063807@mail.ru.

 

 

 

 

 

Мемлекеттік білім беру
ұйымдарының бірінші
басшылары мен
педагогтерін лауазымға
тағайындау,
лауазымнан босату
қағидаларына
5-қосымша

Нысан

 

____________________________
конкурс жариялаған мемлекеттік
орган

 ____________________________________________________________________________________________

кандидаттың Т.Ә.А. (болған жағдайда), ЖСН

 ____________________________________________________________________

(лауазымы, жұмыс орны)

 ____________________________________________________________________

 ____________________________________________________________________

Нақты тұратын жері, тіркелген мекенжайы, байланыс телефондары.

 

Өтініш

 

Мені ________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос лауазымына/уақытша

(білім беру ұйымының атауы, мекенжайы)

бос лауазымына (керегінің астын сызу керек) орналасуға арналған конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

 

Қазіргі уақытта___________________________________________________________________

________________________________________________________________ жұмыс жасаймын.

(лауазымы, білім беру ұйымының атауы, мекенжайы)

Тестілеуді тапсыру тілі: қазақ/орыс

      керегінің астын сызу керек

Конкурс қағидаларымен таныстым:

Білімі: жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, техникалық және кәсіптік білім

Оқу орнының атауы

Оқу кезеңі

Диплом бойынша мамандық

 

 

 

 

 

 

 

     

Біліктілік санатының бар болуы (бар болса берілген (расталған) күні):

____________________________________________________________________

      Жұмыс өтілі:

Жалпы

Педагогикалық

Мемлекеттік қызмет өтілі

Мамандық бойынша (кәсіпкерлік субъектілерінің мамандары үшін)

Осы білім беру ұйымында, оның ішінде атқаратын лауазымында

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Келесі жұмыс нәтижелерін негізге аламын:

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Наградалары, атағы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, сондай-ақ қосымша мәліметтер (бар  болса)

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Мен дербес деректерді өңдеу мақсаттарына сәйкес келетін кез келген заңды тәсілдермен менің дербес деректерімді мерзімсіз өңдеуге (фото, бейне және бейне көрсетілімдерді, оның ішінде автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып немесе осындай құралдарды пайдаланбай дербес деректердің ақпараттық жүйелерінде пайдалану үшін) келісемін.

Тестілеу өтетін ғимаратта тыйым салынған заттардың бірін пайдаланғаны үшін жауапкершілік туралы, тиісті акт жасалып, шығарылатыны туралы ескертілді.

Тыйым салынған зат табылған жағдайда бір жыл мерзімге тестілеуден өту құқығынан айырылатыным туралы ескертілді.

Ұлттық біліктілік тестілеуін өткізу кезінде, сондай-ақ бейне жазбаны қарау кезінде қағидаларды бұзу фактілері анықталған жағдайда, тапсыру мерзіміне қарамастан акт жасалатыны және нәтижелердің күші жойылатыны ескертілді.

Тыйым салынған заттар:

 - ұялы байланыс құралдары (пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad (Айпад), iPod (Айпод), iPhone (Айфон), SmartPhone (Смартфон), Смартсағаттар);

 - ноутбуктер, плейерлер, модемдер (мобильді роутерлер);

 - радио-электрондық байланыстың кез келген түрлері (Wi-Fi (Вай-фай), Bluetooth (Блютуз), Dect (Дект), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи); 5G (5 Джи);

- сымды және сымсыз құлаққаптар және басқалары;

- шпаргалкалар мен оқу-әдістемелік әдебиеттер;

- калькуляторлар мен түзету сұйықтығы.

 

Келісемін ________________________________________________________________________________________________________________________________________ (Т.А.Ә. (болған жағдайда))                 (қолы)

 

Тестілеуді және конкурс өткізу қағидаларымен таныстым.

 

20___жылғы "____" ______________ ____________________

                                                                                               /қолы /