Алматы ауруханасында АИТВ анықталған науқастар оқиғасына қатысты тексеріс аяқталды

Алматы ауруханасында АИТВ анықталған науқастар оқиғасына қатысты тексеріс аяқталды
Сурет: ашық дереккөз

Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханасында ем алған 3 науқастан АИТВ анықталуына қатысты оқиғаны тексеру аяқталды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісінің сауалына берілген Денсаулық сақтау министрлігінің жауабында жазылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Комиссия АИТВ (адамның иммун тапшылығы вирусы) инфекциясының анықталған жағдайлары бойынша эпидемиологиялық тексеруді аяқтады. Қазіргі уақытта тексеріс материалдары сарапталып, бағалану сатысында. Эпидемиологиялық тексеру нәтижелері ресми брифингіде жарияланады», - деп жауап берді министрліктен тілші сауалына орай.