Алматы ауруханаларында 700-ден астам адам СOVID-19 дертінен емделіп жатыр

Алматы ауруханаларында 700-ден астам адам СOVID-19 дертінен емделіп жатыр
Сурет: Admkrai.krasnodar.ru

Оның ішінде 35 бала бар.

Алматыда өткен тәулікте тағы 203 адам коронавирус жұқтырды. Оның 179-да - симптом бар, 29-да ауру белгілері жоқ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Жазылып шыққандар саны - 28 болса, 37 адам ауруханаға жаңадан түсті. 2 145 төсек-орындық инфекциялық стационарда 730 адам жатыр, оның ішінде 35 бала ем алып жатыр.

Жалпы, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде 56 адам бар. 20 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

«Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 6 адам ем қабылдауды жалғастырып жатыр. High flow-да 14 аппарат жұмыс істейді.Медициналық-санитарлық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 2011 науқас бар», - делінген Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Оның ішінде жеңіл және орташа ауыр жағдайда 1852 науқас, симптомсыз 159 науқас бар.