Алматы әкімі Ерболат Досаевтың Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесуі

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың Наурызбай ауданы тұрғындарымен кездесуі өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Кездесу Ілтипат көшесі, 60 мекенжайдағы №208 жалпы білім беретін мектептің ғимаратында өтіп жатыр.

Кездесуді онлайн режимде «Алматы» телеарнасының Youtube парақшасынан және Наурызбай әкімдігінің Facebook парақшасынан көруге болады.

Коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында кездесу барысында маска режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтау ұсынылады. Сондай-ақ, бөлмелерде қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнатылады.