Алматы әкімі Әуезов ауданының тұрғындарымен кездеседі

Алматы әкімі Әуезов ауданының тұрғындарымен кездеседі
Сурет: Ашық дереккөз

Кездесуді онлайн режимде көруге болады

2022 жылдың 13 қазанында сағат 9.00-де Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесуі өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Әкімнің тұрғындармен кездесуі Жетісу-2 шағын ауданы, 2Б мекенжайдағы №117 жалпы білім беретін мектеп ғимаратында өтеді.
https://2gis.kz/almaty/firm/9429940000798764

Кездесуді онлайн режимде «Алматы» телеарнасының Youtube парақшасынан және Әуезов әкімдігінің Facebook парақшасынан көруге болады:
1. https://www.youtube.com/c/AlmatyUS 
2. https://www.facebook.com/profile.php?id=100034986197656

Коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында кездесу барысында маска режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтау ұсынылады. Сондай-ақ, бөлмелерде қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнатылады.