Алматы әкімдігі жол төсемінің істен шығуына байланысты мердігер ұйымға шағым түсірді

Алматы әкімдігі жол төсемінің істен шығуына байланысты мердігер ұйымға шағым түсірді
Сурет: Ашық дереккөз

Ауа-райы қолайлы болған кезде асфальтты төсемді толығымен қалпына келтіру жоспарлануда

Бүгін Алматы қаласының Түрксіб ауданындағы Топчиев көшесінде жол төсемі  істен шыққан. Мамандар ол жерге барып, арнайы тексерген кезде оқиғаның жауын -шашынның салдарынан жиналған судың топырақты шайып кетуінен әрі қардың еруінен болғандығын анықтаған. Алайда, құбырдан зақым табылмаған, ал су беру штаттық режимде жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Еске салсақ, осы учаскеде 2021 жылы "Алвис" ЖШС компаниясы су құбыры және кәріз желілерін салу жұмыстарын аяқтаған болатын.  Кепілдік міндеттемелері аясында компания  ақауларды,  өзге де кемшіліктерді жоюлары тиіс болатын.

Басқарманың ақпараты бойынша, жағымсыз оқиғадан кейін бір күн ішінде "Алвис" ЖШС компаниясы орын  алған олқылықтарды қалпына келтірді. Осы жылдың сәуір айында ауа райы қолайлы болған кезде асфальтты төсемді толығымен қалпына келтіру жоспарлануда.