Қазақстандық ауыр атлет жасөспірімдер арасындағы чемпионаттың жеңімпазы атанды

Қазақстандық ауыр атлет жасөспірімдер арасындағы чемпионаттың жеңімпазы атанды
Сурет: Olympic.kz

Әлем чемпионатына қатысқан екі спортшы да алтыннан қанжыға майлады

Жасөспірім қыздар арасында 81 келіден жоғары салмақта сынға түскен отандасымыз Руфина Чалкарова жарыстан топ жарды. Ол қоссайыс нәтижесі бойынша 247 (107+140) келіні бағындырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Бразилиялық  Жустине Де Лима Таяне екінші орыннан көрінсе, түркиялық Жевик Фатмагүл үздік үштікті түйіндеді. 

Айта кетерлігі, кеше жасөспірім ұлдар арасында бақ сынаған қазақстандық Рахат Бекболат  қоссайыс нәтижесінде 355 келіні еңсеріп, әлем чемпионы атанған болатын.

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына Қазақстан сапынан барлығы екі спортшы қатысты. Нәтижесінде екі спортшы да алтын медальға ие болды.