Ева Корышева Түркиядағы турнирдің чемпионы атанды

Ева Корышева Түркиядағы турнирдің чемпионы атанды
Сурет: Ашық дереккөз

Беделді додаға Еуропаның 64 спортшысы қатысты

Қазақстандық теннисші Ева Корышева Ыстанбұл қаласында өткен 14 жасқа дейінгілер арасындағы екінші санатты Tennis Europe турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Беделді додаға Еуропаның 64 спортшысы қатысып, бақ сынады.

Ақтөбе теннис мектебінің түлегі Корышева жарыстың 4-ші ракеткасы болып тіркелді. Ол финалда Чехияның осы жастағылар арасында 9-шы ракеткасы Яна Ковачкованы 6:1, 7:6 есебімен ұтты. Осылайша, Ева спорттық жолында жекелей сында Tennis Europe турнирінде төртінші рет үздік шықты.

Ева қазіргі кезде Еуропа теннис федерациясының рейтингінде 61-ші орында тұр. Түркиядағы жеңісінің арқасында сейсенбіде жаңартылатын рейтингте жоғары көтерілмек.