Алматы әкімдігі ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы тақырыбын үздік жариялау бойынша БАҚ арасында байқау жариялады

Алматы әкімдігі ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы тақырыбын үздік жариялау бойынша БАҚ арасында байқау жариялады
Сурет: Кen-zhyloi.kz

Алматы қаласының әкімдігі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері арасында «Алматы мен алматылықтардың Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің қалыптасуы мен нығаюындағы жетістіктері мен рөлі» тақырыбын үздік жариялау бойынша байқау конкурс өтетінін хабарлайды


Байқауда 2021 жылы БАҚ-та жарияланған, ҚР Тәуелсіздік кезеңіндегі мегаполис дамуының түрлі бағыттарын, оның ішінде алматылықтар мен қаланың білім, ғылым, экономика, мәдениет салаларының жалпы дамуындағы маңызы мен рөлін, сондай-ақ Тәуелсіздік кезеңіндегі мегаполистің жақсару және даму динамикасы жөніндегі материалдар қаралатын болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін қалыптастыру мен нығайтудағы Алматы мен алматылықтардың жетістіктері мен рөлі» тақырыбын үздік жариялаған жеңімпаздар анықталып, келесі санаттар бойынша марапатталады:
- үздік репортаж / сюжет;
- үздік жаңалықтар / сараптамалық материал;
- үздік фотоматериал.

Бұлардан басқа, келесі тақырыптарды қамту үшін арнайы номинациялар қарастырылған:
- Алматы қаласының COVID-19-ға қарсы күресі және халықты вакциналау туралы үздік материал;
- Алматыдағы оң өзгерістерге, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және абаттандыру саласына арналған үздік материал;
- Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған үздік материал.

Жоғарыда аталған барлық номинациялар бойынша материалдар мемлекеттік және орыс тілдерінде қабылданады. Әр номинация бойынша жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Өтінімдер ағымдағы жылдың 30 қарашасына дейін қабылданады. байқауға қатысу үшін материалдарды электрондық мекенжайына жіберу қажет: info@rsk.almaty.kz, delcom21@mail.ru «байқауға қатысу үшін» белгісімен. Өтінімдерді редакция немесе автор атынан беруге болады. Бір автор 3-тен көп емес материалдарды ұсына алады.

Байқаудың қорытындыларын тәуелсіз сараптамалық конкурстық комиссия биылғы жылдың желтоқсан айында шығарады.

Сұрақтар бойынша мына нөмірге хабарласуға болады: +7 (708) 973 46 55.