Елордада жаңа форматтағы инновациялық мектептер бой көтермек

Елордада жаңа форматтағы инновациялық мектептер бой көтермек
Сурет: Еtaloncity.ru

Айрықша білім ошағы салынбақ

Мемлекет пен бизнестің тиімді ықпалдастығы. Елордада соңғы бес жылда бұл салаға 16 жобаны іске асыруға 60 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды.

Оның 11 миллиардтан астамы – шетелдік капитал салымдары. Бұл туралы «Astana Invest» өкілі Нұрбол Алтаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, 2020 жылдан бастап ел астанасында МЖӘ аясында 7 нысан құрылысы көзделген. Олардың басым бөлігі білім беру саласындағы жобалар, атап айтқанда қалада жаңа форматтағы инновациялық мектептер бой көтереді.

«Бүгінде 5 мектепті салуға келісім жасалды, соның арқасында оқушылардың орын тапшылығы 20 мыңға қысқарды. Қазір тағы бір мектептің құрылысы бойынша келісім жүргізілуде, жыл соңына дейін шешіледі деп ойлаймыз. Нәтижесінде мектептер саны 6-ға жетпек. Бір мектеп осы жылдың қыркүйек айында ашылды, тағы үшеуі жыл соңына қарай ашылады деп күтілуде. Бұл оқу ордаларының артықшылығы – физика, математика, химия пәндеріне басымдық беріліп, кинозалдар, мұғалімдер мен оқушыларға арналған коворкинг-орталықтар, робот техникасы мен нанотехнология зертханалары бар», - деді «Astana Invest» МЖӘ Департаментінің директоры Нұрбол Алтаев.