Алма-Арасан шатқалында 2 балдық жер сілкінісі сезілді

Алма-Арасан шатқалында 2 балдық жер сілкінісі сезілді
Сурет: Aikyn.kz

Төтенше жағдайлар министрлігі «Сейсмологиялық тәжірибе әдістемелік экспедициясы» сейсмикалық станциялар желісі кеше Алматы уақытымен 21:14-те жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 74 шақырым жерде Қырғызстанда орналасқан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.2.

MPV магнитудасы - 4.5.

Эпицентрдің координаттары 42.69°с.ш. 76.33° в.д.

Тереңдігі - 5 шақырым.

МЅК-64 шкаласы бойынша Алма-Арасан шатқалында 2 балл сезілді.                         

«Өзара іс-қимыл алгоритміне сәйкес, тиісті мемлекеттік мекемелер хабарланып, қираулардың болуына, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің жұмыс істеуіне мониторинг жүргізіліп жатыр, полиция департаментінің жедел кезекшісіне қаланың ғимараттары мен құрылыстарын зақымдалуына сыртқы шолу жасау үшін ақпарат жеткізілді. Ақпарат толықтырылып жатыр», - деп хабарлады Алматы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.